Дауылды жел соғып, қалың қар жауады: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, метель, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 17:35 Фото: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 28 қараша, сенбі күні Қазақстан аумағында болатын ауа райы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға қарағанда, елдің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады.

"Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің шығысы мен орталығында қалың қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу бұрқасын соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында желдің екпіні кей уақытта секундына 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: