Қазақстанда ауа райы күрт құбылды - 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 19:51 Фото: unsplash
Синоптиктер, бейсенбі, 2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек:

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Тек Қазақстанның шығысында, аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін 2026 жылғы 9-11 сәуір аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжамды ұсынған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: