Қазақстанда ауа райы нашарлайды: 8 сәуірге арналған болжам

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 18:36 Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 8 сәуір, сәрсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елдің тек шығыс бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктің таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Ал елдің солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін.

Сонымен қатар мына өңірлерде:

  • Қызылорда облысының шығысында,
  • Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерінде,
  • Жамбыл облысының солтүстік-батысында және батысында,
  • Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
  • Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында,
  • Қарағанды облысының оңтүстігінде,
  • Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: