Жауын-шашын мен дауыл: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын мен дауыл: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 18:02 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 25 ақпан, сәрсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен күн жауын-шашынсыз, ашық болады.

"Елдің оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын жауады, кей жерлерде мол түседі. Көктайғақ болады, ал Қызылорда облысында боран болжанып отыр", – деп нақтылады синоптиктер.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, ал оңтүстікте екпіні 25-28 м/с-ке дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: