Жаңалықтар тізбегі
0

23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

23 шілдеге арналған ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2023 17:18 Сурет: Zakon.kz
Қазгидромет синоптиктері 23 шілдеге Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, түнде батысында жел күшейеді"."Қазгидромет" РМК

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық болады.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, орталықта, Қызылорданың шығысында, Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, солтүстік-батыста, оңтүстікте, Маңғыстаудың орталығында, Атырау облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, солтүстік, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: