Алматы облысы тұрғынының көлігінен 2 келі мефедрон табылды

Сурет: pexels
Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушісінен 2 келі синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 шілдеде Алматы-Өскемен тас жолында Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны тізгіндеген Daewoo Lacetti көлігі тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары синтетикалық есірткіге жататын 2 келі мефедронды тапты. Есірткі төрт полиэтилен пакетке салынған.

Шетелдік көліктің 24 жастағы жүргізушісі қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігінде көзделген "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" бойынша қылмыстық тергеу амалдарын қолға алды. Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды