Алматыда көлігімен жолда ойқастап, өнер көрсеткен бозбала кешірім сұрады

Сурет: видеодан алынды
Алматыда жол ережесін бұзған жас жүргізуші өзінің заңсыз әрекетінің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Көп ұзамай парақшасына тағы бір видео салған бозбала бұл жолы осы оспадарсыз қылығы үшін кешірім сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода жігіт полиция қызметкері мінген көлік жанынан өтіп, оларға қол көтеріп ишарат жасайды да жылдамдықты күрт арттырып, жол шетімен жүйітки жөнеледі.

Аталған оқиға Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы "Нұр-Мүбарак" мешітіне қарама-қарсы бетте 2022 жылы 20 шілдеде болған. Сол күні жас жігіт әлеуметтік желіде өзінің "ерлік" әрекеті түсірілген видеосын жариялады. Полицейлер көзге түскен бұл видеоның авторын тауып, бозбаланың түсінік беруіне тура келді. Ол өз қателіктерін түсініп, өзгелерге жол ережесін бұлай бұзбауды өтінеді.

Жолда ойқастап, өнер көрсеткен бозбала 593-бабы 2-тармағы ("Қауіпсіздік белдігін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау"), 601-бап ("Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбаларға қатысты ұйғарылған талаптарды сақтамау") және 230-бап ("Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу") бойынша кінәлі деп танылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды