СҚО-дағы аңшылық кезіндегі жазатайым оқиға: учаскелік полицей ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жидек теріп жүрген әйелге оқ атқан азаматтың жанында учаскелік инспектор болған. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тергеу барысында осындай адам сенгісіз жағдайды анықтады. Қазір полицей «қызметтегі әрекетсіздігі» үшін күдікке ілігіп, қызметінен қуылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға шілденің 11-і күні Жамбыл ауданының Бауман ауылы маңында болған. 51 жастағы Алтынай Мұздақбаева жидек теріп жүріп, оққа ұшқан. Марқұм ауруханаға жетпей көз жұмды. Көп кешікпей қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен марқұмның ауылдасы 65 жастағы Сергей Лосеня қамауға алынған болатын. Аңшы тергеу кезінде өзінің құс атамын деп абайсызда адамды атып тастағанын мойындаған. Бірақ, сол жерде аңшымен бірге полиция инспекторы болғанын айтып марқұмның туысқандары шу шығарды. Бұл мәліметті прокуратура да растап отыр. Қазір Қабай Әлтиев қызметінен қуылып, қамауға алынды. Ол «қызметтегі әрекетсіздігі»үшін  күдікке ілігіп отыр. Ал, зейнеткер мен полиция инспекторы бірлесіп  орманда не істеп жүргендігі әзірге белгісіз, делінеді КТК телеарнасының сюжетінде.

Оқиға кезінде сол орында жергілікті участкелік полиция инспекторы болған. Оның бұзушылыққа тосқауыл қоймағаны, яғни «қызметте әрекетсіздік» танытқаны анықталды. СҚО Прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Ғани Жалби

65 жастағы азаматқа «Абайсызда адам өлтірді» және «Заңсыз қару-жарақ сақтады» деген екі бірдей баппен іс қозғалып отыр. Қайтыс болған әйелдің ауылдастары мылтықты осы қария атты дегенге сенбейді.

11 шілде күні мен Рамазановтардың бақшасында жұмыс істеп, қайтып келе жаттым. Қараймын Сергей Лосеня удай мас. Ол соңғы екі ай сыра ғана ішіп жүрген. Аяғынан әрең тұр. Қайтыс болған әйелдің күйеуі Ғалымжанға "мен атқан жоқпын" деп ант су ішкенін өз құлағыммен естідім. Сол жерге учаскелік инспектор келді де екеуі көлікпен кетіп қалды. Бауман ауылының тұрғыны Ольга Федорченко
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты