Бұл жағдайда қатысушылар қолданыстағы заңнаманы бұзып қана қоймай, елді мекен аумағына кіріп, жол қозғалысына кедергі келтіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Әйтсе де мұндай ұлттық спорт ойындарының арнайы белгіленген орындарда, яғни атшабарларда, ондай атшабарлар болмаған жағдайда ауыл әкімінің келісімімен жазық далада өткізуге тиіс.
Естеріңізде болсын, әрбір отандасымыздың өмірі мен денсаулығы – таптырмас байлық. Қазір полиция қызметкерлері көкпарды ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтады. Олар ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық), 593-бабы (Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау), 614-бабы (Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) бойынша әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті.
Айта кетейік, ұсақ бұзақылық үшін сот көкпарды ұйымдастырушыға және басқа да қатысушыларына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға санкция берген.