«Дөкейдің қызы». Таразда соңғы 10 жылда өңірде орын алмаған ауыр қылмыс жасалды

Сурет: Zakon.kz
Таразда 6 адамнан құралған топ қаладағы ірі кәсіпкердің қызын ұрлап әкетіп, оны босату үшін 100 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Жәбірленушіні өз үйі алдында бейтаныс біреулер күтіп тұрған. Күш көрсетіп, қолын қайырып көлікке отырғызған. Қолын байлап, бір үйге апарыпты.  Кейін 3 күн бойы әр жерге ауыстырып отырған. Бірақ, Тараздағы ең ірі жолаушы тасымалдау компаниясының басшысынан, қызы үшін 100 млн теңге сұрағандардың құйтырқы әрекеті жүзеге аспады. Бірнеше тәуліктен соң қылмыстық топтың 2 сыбайласы қолға түсті. Қарақшылық топтың басшысы бұған дейін де танысының баласын ұрлап ақша талап еткені үшін 7 жылға сотталған көрінеді. Ал топтың бір мүшесі жәбірленушінің көршісі болған, делінеді Astana.tv сюжетінде.

Бұл әрекетті олар бір жыл бойына жоспарлағаны да айтылады.

Сот үкімімен қылмыстық топ мүшелерінің барлығы 5 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айрылды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ. Өйткені сотталғандар апелляциялық тәртіппен шағым түсірді. Айта кету керек, Жамбыл облысында соңғы 10 жылда мұндай қылмыс орын алмаған. Жамбыл облыстық прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сайын Сағындық
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты