Алматы әуежайында полицейлермен төбелескен бұзақылар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы Халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алуға санкция берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2022 жылдың 26 ​​шілдесіне қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелескен болатын. Бұл туралы полицияға көшеде өтіп бара жатқандар хабарлаған.

Төбелесіп жатқандар полиция қызметкерлерінің талаптарына агрессиямен жауап берді. Олардың бірі – бұрын сотталған 28 жастағы У. есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгірді, оны соққыға жыққысы келді. Ауыр қылмысты тоқтатқан тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атқан. Нәтижесінде, төбелеске қатысушылар ұсталды. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов

Олар – Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Олардың екеуі – бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен квалификацияланған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Оны Түрксіб ауданының прокуроры да қолдады. Тергеу соты қылмыстың үш қатысушысын қамауға алуға санкция берді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды