Полиция жоғалған қызды іздестіру бойынша жан-жақты жұмыс жүргізді.
Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады.
Қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, мұнысы елге аян болады деп қорыққандықтан оны өлтіргенін мойындаған жергілікті тұрғын анықталды. Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ол қыздың денесін ауылдың шетіне көміпті. Мәйіт топырақ астынан алынып, сот-медициналық сараптама жүргізуге жолданды.
ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Айыптының дәрменсіз күйдегі адамды өлтіруі), 10-тармағы (өзге қылмысты жасыру мақсатында) және 14-тармағы (Кәмелетке толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді, олар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Ал ҚР ҚК-ның 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тергеуді облыстық полиция департаментінің тергеушілері жүргізеді.