«Тұншықтырып, кілтті беруді талап етті». Алматыда мопед ұрлаған қаскөй ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда полицейлер 19 жастағы жасөспірімнің мопедін күшпен тартып алған қылмыскерді қууға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, қаскөй мопедтің кілтін талап етіп, жас жігітті тұншықтыра бастаған. Оқиға 29 шілдеде кешкі сағат бестер шамасында Солтүстік айналма мен Геологтар көшелерінің қиылысында орын алды.

Тоналған жас жігіт оқиға туралы дереу полицияға хабар берді. Бірінші болып “Буран-161” патрульдік полициясының экипажы мен жедел-тергеу тобы әрекет етті. Олар қаскүнемнің ізіне түсіп, қуды. “Ізін суытпай” бұрын сотты болған 38 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Ол өзінің үйінде қолға түсті. Екі дөңгелекті көлік тәркіленіп, процессуалдық тәртіпте иесіне қайтарылды, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады