Өскемен – Риддер тас жолынан ұшып кетіп, аударылған көліктің жүргізушісі қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
30 шілдеде сағат 12:00 шамасында Глубокое ауданындағы тас жолдың 10-шы шақырымында қайғылы оқиға орын алды. Риддер қаласына қарай бет алған Toyota Crown көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, биік трассадан жол шиегіне қарай ұшып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды, ал көліктегі тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінді.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды