Ақтауда шетелдіктерден 221 орам синтетикалық есірткі тәркіленді

Сурет: Instagram/mangistaupd
Ақтауда шетелдіктерден мефедрон синтетикалық есірткісінің 740 дозасы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 шілдеде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының аумағында есірткі заттарын салу сәтінде Өзбекстан Республикасының бір топ азаматы ұсталды.

Тінту барысында жалпы салмағы 740 грамм болатын мефедрон есірткі заты салынған 221 түйір орам тәркіленді. Ұсталғандардың бірінің жұмыс орнында тінту кезінде жалпы салмағы 200 грамм мефедрон және салмағы 10 грамм болатын 20 дана "марка" атауындағы есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған адамдар тобы өткізу мақсатында Ақтау қаласының аумағында орналастыру үшін есірткінің ірі партияларын дайындауды жүзеге асырып, электрондық әмияндарға сатудан ақша қаражатын алды. Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі

Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек