Павлодар облысында целлофанға оралған «мәйіт» тіріліп, полицейлерді шошытты

Сурет: pixabay
Екібастұзда жергілікті тұрғын таңертең итін серуендетуге шыққанда, целлофанға оралған, тіршілік белгісі жоқ ер адамды байқап, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күптеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы 07.00-де итін серуендету үшін далаға шыққан қала тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында целлофанға оралған ер адамды байқаған. Телефонын алып шықпағандықтан, ол жақын маңдағы автотұрақ қызметкерлерінен бұл жағдайды полицияға хабарлауды сұраған, деп жазды polisia.kz.

Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде, «мәйіт» орнынан тұрып, жүгіре жөнелген.

Кейін белгілі болғандай, ішімдік ішкен ер адам үйіне жете алмай, жерден целлофан тауып алып, жаңбырдан жасырыну үшін соған оранып, ұйықтап қалыпты.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды