Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам сотталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған 37 жастағы ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, М. есімді азамат туыстарымен ұрсысып, досының үйіне түнеуге келген. Барлығы ұйқыға кеткенде ол досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала бірден айғайға басқан. Оған әкесі мен ағасы көмекке жетті. Олар полиция шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді.

Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Жасалған құқық бұзушылықтың барлық мән-жайларын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М.есімді азаматтың мойындауымен бірге, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға мүмкіндік берді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алатау аудандық ПБ-ның тергеушісі жинаған дәлелдемелері сотпен шешім қабылдау үшін жеткілікті деп танылды. Алатау аудандық сотының үкімі – кінәлі М.есімді азаматқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді