Елорда тұрғыны қалыңдыққа берілген қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

Нұр-Сұлтан қалалық сотына күйеу жігіттің ата-анасы "Сырға салу" ұлттық дәстүр бойынша қалыңдық тарапына берілген қалыңмал мен заттарды (тон, зергерлік бұйымдар, жағалы киімдер) қайтаруды талап етіп, арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот талапкер мен жауапты тараптардың балалары заңды некеде болғанын анықтады, бірақ олар 2021 жылдың сәуірінде ажырасқан.

Сот шешімімен талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Сот қалыңдық тарапына берілген ақшалай қалыңмал мен басқа да заттарды талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, сотта түсіндіріліп өткендей, жоғарыда аталған заттарды "жауапкер ғана емес, сонымен қатар қалыңдықтың басқа да туыстары сыйға алған".

Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу жігіт мен қалыңдықтың ата-аналары арасында қазақтың ұлттық дәстүріне сай сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер жүргізілгенін атап өтті. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, соттағылар "салтанатты іс-шаралар кезінде берілген мүлік пен заттарды қайтару талабы заңда қарастырылмағанын, соған сәйкес тараптар арасында ешқандай міндеттемелер туындамайтынын" еске салды.

Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: