Маңғыстау облысында соқтығысып, өртке оранған екі көлікте де толы адам болған

Сурет: видеодан алынды
Жетібай – Шетпе тас жолының 96 шақырымында УАЗ бен Toyota Prado көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шетпе ауылына қарай бет алған УАЗ маркалы көліктің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Prado маркалы көлігімен соқтығысқан, салдарынан екі көлік те отқа оранған.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында УАЗ көлігінің жүргізушісі қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды