Нұр-Сұлтанда жасөспірім сөмкесінен ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған жайт елордада орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 20:00 шамасында Жұбанов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңы жанынан өтіп бара жатқан ер адам жасөспірімдердің футбол ойнап жатқанын байқап, оларды сырттай бақылайды.

Балалар ойынға қыза кірісіп кеткенде ол футбол алаңы шетінде жатқан жасөспірімдердің бірінің рюкзагына қол салып, ұялы телефонды ұрлады. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды