Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын хабарлайды. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.
4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына келіп түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. "Ұстау" жоспары жарияланды. Облыстық полиция қызметкерлері төбелеске қатысушылардың барлығын анықтап, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.