Жамбыл облысында полицейлер 32 келіден астам әртүрлі есірткі затын тәркіледі

5-9 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында “Дәрмек” республикалық кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбылдық полицейлер үш күнде 4 тоннадан астам күкірт қышқылын тәркіледі Авторы Назира Маханова 8 Қыркүйек 2022 ж., 17:41 жарияланған 13 Жамбыл облысында “Дәрмек” іс-шарасының үш тәулігінде 32 келіден астам әртүрлі есірткі заты және 4 тоннадан астам күкірт қышқылы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 5-9 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында “Дәрмек” республикалық кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

3 тәулік ішінде Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қатысты 33 құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның бесеуі қылмыстық, ал 20-сы әкімшілік істер болып табылады.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде облыс бойынша 30 дәріхана, екі емхана, үш емдеу мекемесі, бір мекеме және бір зауыт тексерумен қамтылды. Үш тәулік ішінде заңсыз айналымнан 32 келі 094 грам түрлі есірткі құралдары алынды. Атап айтқанда, 884,12 гр апиын, 30 келі 919 грам кептірілген марихуана, 291 грам 37 мгр гашиш, психотроптық заттардан: 100 ампула реланиум, 50 ампула промедол.

Облыс аумағында орналасқан зауытты тексеру барысында есірткінің ауыр түрлерін өндіру кезінде құрамдас компонент болып саналатын 4 тонна 112 келі “күкірт қышқылы” прекурсоры тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы (Прекурсорлар, психотроптық заттар, есірткі құралдары айналымы саласында тұрғын жайлар мен нысандарды техникалық нығайту талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков
Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: