Атырауда массаж салоны ретінде жұмыс істеген жезөкшелер ордасы анықталды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында “STOP-Трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жылдам қимылдайтын взвод жасағының қызметкерлерін жұмылдыра отырып, 7-9 қыркүйек аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан “STOP-Трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында қала аумағында орналасқан Стройконтора және Восток мөлтек аудандарының тұрғын үйлердің бірінде жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды.

Іс-шара барысында екі қабатты тұрғын үйдің бірінде интимдік массаж түрімен қызмет көрсететін екі қызметкер анықталып, жезөкшелікпен айналысқан 15 нәзік жанды есепке қойылды.

Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) сәйкес іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді