"Тірідей өртенді". Шуда жаппай жол апаты кезінде бір көлік жарылып, отқа оранды

9 қыркүйекте түнгі сағат 01:37 шамасында Шу қаласында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен жоғары жылдамдықпен ағызып келіп, 29 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген алдындағы Volkswagen Golf көлігінің артқы жағынан ұрған. Қатты соққыдан Volkswagen Golf ұшып барып ВАЗ-21150 көлігінің алдыңғы жағын соғып, отқа оранған. Жол-көлік апаты салдарынан Volkswagen Golf-тағы 21 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қайтыс болды, ал осы көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптамалар реті тағайындалды. Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тергеу шараларын жүргізу барысында аталған көліктің Mercedes Benz 124 көлігінің бүлінуіне де түрткі болғаны анықталды.

Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқаннан кейін ол Auid 100 көлігімен соқтығысқан, ал бұл машина инерциясымен жақын маңдағы Mercedes Benz 124-ті соққан, делінген хабарламада.

Аталған көліктердің барлығы тұраққа қойылды, көлік салондарында жүргізушілер де, жолаушылар да болған жоқ. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Видеоны мына арадан көруге болады.

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: