Павлодар тұрғыны интернет-алаяққа үйге деп жинап жүрген ақшасын беріп қойды

Сурет: pexels
Телефоннан қоңырау шалған қаскөй құрбанына өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, оны тиімді ұсыныстармен қызықтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, Павлодар тұрғынына белгісіз абоненттік нөмірден қоңырау шалып, өзін Андрей деп таныстырған ер адам депозиттермен жұмыс істеу бойынша банктердің бірінің жетекші менеджері екенін айтады.

Әңгіме барысында ол банкте депозит бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 1%-ға артатынын айтқан, бұл ақпарат қала тұрғынын қызықтырады, өйткені оның депозитінде пәтер сатып алуға жиналған жинақ ақшасы болған. Сол күні пайыздарды есептеу үшін ер адам қосымша келісімді онлайн рәсімдеуді ұсынған. Қала тұрғыны келіскеннен кейін оған нөмірге 6 таңбалы коды бар SMS-хабарлама келген, оны қоңырау шалушыға ежелеп айтып берген. Дегенмен қала тұрғыны сезіктеніп, ары қарай сөйлеспей, телефонын тұтқасын қояды. Бірақ бәрі кеш болған, 15 минуттан кейін ол екі депозиттен шамамен 1,2 млн теңгесі есептен шығарылғанын анықтаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді