Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте резонанстық сот отырысы өтті. Онда жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына үкім шығарылды. Судья Мұхтар Бұхарбаевты өзінің қарамағындағы Азамат Айымбетовтен алым алып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды. , деп хабарлайды otyrar.kz .

Сот экс-полицейге 7 жылын жалпы режимдегі колонияда өтеуді үкім етті. Бұдан бөлек, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетсек, Антикор 25 сәуірде Мұхтар Бұхарбаев ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы және 131-бабында көзделген тәртіппен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қаңтар айында әлеуметтік желіде Шымкент қаласы ПД рота командирінің видео үндеуі жарияланды. Онда полицей Қазақстан Президенті мен Ішкі істер министрінен көмек сұрайды. Ол Бұхарбаевты қоластындағыларға заңсыз көп алым-салым салатынын, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланатынын айтқан.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды