Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады

Сурет: polisia.kz
Алматы полициясы концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Полиция департаментінің 2,5 мыңнан астам қызметкерін жұмылдырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаровтың Polisia.kz-ке берген мәліметі бойынша, Димаш Құдайбергеннің концерті Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқық бұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды.

Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз. Осыған байланысты қонақтарды көлігін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз.Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар ол концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударылатынын ескертті.

Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын, – деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды