Алматы облысында қызғаншақ еркек әйелін өлгенше сабаған

Сурет: pixabay
Қаратал ауданына қарасты шаруа қожалықтарының бірінде ер адам азаматтық некедегі әйелін аяусыз сабаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиғы Қаратал ауданы Жанаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде тіркелді. 26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың біріне әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамаққа алды.

Аталған дерекке сәйкес, тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. 

Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері 563 отбасылық жанжалқорларды анықтап, жазалады, олардың 97-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талдықорған қаласының оңалту орталығында ерлі-зайыптылардың әрекеттерінен зардап шеккен 15 әйелмен 34 балаға көмек көрсетілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды