"Пәтерімізден қуып шықты" деп өтірік ақпарат таратқан келіншек жазаға тартылды

Сурет: pixabay
Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, жас келіншекке айыппұл салды. Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны TikTok-қа табиғат аясында демалып жатқан адамдардың видеосын жариялап: "Пәтерімізден қуып шықты, жалдау ақысын 500 мыңға көтеріп жіберді, біз қазір каналдың басында тұрып жатырмыз", - дегенді арғы жағынан айтады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері аттанды. Тексере келгенде, бұл ақпараттың жалған екені белгілі болды.

Шындығында, ол отбасымен бірге өз үйінде тұрып жатыр және оларды ешкім қумаған. Жас келіншек мұны жәй әшейін әзіл деп ақталды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды