Алматыда автобустарда жүретін ұры ұсталды

Сурет: Алматы қалалық ПД
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

А.есімді азамат қаланың қоғамдық көліктерінде ұрлық жасап жүрген.

Ол №25 бағыттағы қоғамдық көлікте жолаушының қалтасынан ұялы телефонын суырып алған. Ұстау барысында күдіктіден ұрланған мобильді құрылғы тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді