Теміртауда ойын автоматын талқандаған ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қарағандылық полицейлер көшедегі ойын автоматын қасақана бүлдірген ер адам мен оның қасындағыларды да анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігіттің техниканы талқандағаны түсірілген видео желіге тарап, полиция қызметкерлерінің де назарына ілінген.

Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жалғыз болмай шықты. Оның жанында 37, 22 және 19 жастағы қала тұрғындары болған. Ер адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы - "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Автоматтың 25 жастағы иесі келтірілген залал көлемін 1,5 млн теңгеге бағалады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды