ҚР ІІМ ұялы телефондарға келіп түсіп жатқан SMS-ке қатысты түсінік берді

Сурет: pixabay
ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың ұялы телефонына келіп жатқан SMS-хабарламаларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір азаматтарға нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігі туралы SMS-хабарламалар келіп жатыр. Мұны Ішкі істер министрлігі 1414 сall-орталығы арқылы бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, яғни тіркеуден шығарылған адамдарға жіберіп жатыр.

Мұндай SMS-ті алған азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі қажет. Егер сіз SMS алған кезде тіркеуді рәсімдеп қойған болсаңыз, сізге бұл туралы 1414 call-орталығына хабарлаудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ, өйткені бұл – хабарлау сипатында жасалып жатқан шара.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертіліп отыр.

Тұрғындарды тіркемегені үшін тұрғын үй иелеріне де осындай жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, егер меншік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартса, көші-қон қызметіне хабарлауды сұраймыз. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады