Жоғалған бала туралы бағдарлар петропавлдық полицияның барлық жеке құрамына және облыстық олиция департаментінің сыртқы қызметтеріне жіберілді. Келесі 40 минутта полицейлер қала көшелерінде баланы іздеуге кірісіп кетті. Нәтижесінде баланы полиция қызметкерлері Иван Ерёменко мен Жан Оразалин мінген патрульдік полиция батальонының экипажы тауып алды. Саяжай қоғамдастықтарының бірін қарап шыққан соң олар қала көшелеріне ойысты. Тәртіп сақшылары жоғалған баланың көршісімен әңгімелесіп тұрғанын, үйінен аса қашық емес жерден байқап қалады.
Әбден абыржыған ата-анасына дереу ұлдарының табылғаны жайлы айтылды. Ал еріктілер тез арада әлуметтік желілерде баланың отбасымен қауышқанын хабарлады.
Бала адасып кеткен, өйткені отбасы жақында жаңа мекенжайға көшті. Ювеналдық полицейлер ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді. Петропавлдықтардан кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауын сұраймыз. Егер олар жоғалып кетсе, дереу “102” арнасына хабарласыңыздар, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.