Өңірдегі ПД баспасөз қызметі желіде тараған ақпараттың расталмағанын атап өтті.
Сондай-ақ, полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
12 қазанда Рудный ауруханасына 2016 жылы туған ағайынды егіз бала келіп түсті. Кейінірек балалар анасының талабы бойынша ауруханадан шығарылды. 12 сағаттан кейін балалар қайтыс болды.
Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға келіп түскен кезде балалар аяғы ұстамай, әлсіздік танытуы, ұйқының келе беруі және эмоционалдық тұрақсыздық мазалайтынын айтып, шағымданған.
Ағайынды қос балаға инфузиялық терапия жүргізді. Олар анасының талабы бойынша ауруханадан босатылды. Ол кезде балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болған, ойнап жүрген.
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, балалар ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағаттан соң сол күні көз жұмған.
Анасы қос баласын өлі күйінде тапқан. Оған не себеп, мұны сарапшылар анықтайды.
Токсикологиялық сараптама да тағайындалды. Улы заттармен улану жағдайын жоққа шығара алмаймыз. Қазірдің өзінде қажетті материалдар алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін белгілі болады. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі