Қаратал өзенінің жағасындағы қиыршық тастарды көлікке тиеп жатқандар ұсталды

Сурет: pixabay
Полицейлер экологтармен бірлесіп рейд жүргізу барысында Қаратал өзенінің жағасында екі жүк көлігі мен экскаваторды анықтап, бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автотехниканы құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін заңсыз пайдаланған. Қалалық полиция бөліміне түсініктеме беру үшін үш адам жеткізілді.

Ұсталған азаматтар қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Осыған байланысты дерек ресми түрде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу ретінде тіркелді. Техника тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Жетісу облысы ПД ЖПБ ТҚП аға инспекторы Бағлан Рымжанов

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған материал табиғат пен мемлекетке келтірілген залалды есептеу үшін Экология департаментіне жіберілді. Әрі қарай істі сот қарастырады.

Табиғатты қорғау полициясы пайдалы қазбаларды – құм, қиыршық тас, шөгінді және топырақты, сонымен қатар құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Облыс автожолдарында жүк көліктері тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты