Қазақстанда төтенше жағдайдағы 6 колонияны жабу жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан тотенше режимдегі колонияларды жабуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай мекеме бар болғаны алтау ғана.

Бүгінде біз бұл мекемелерді жойғымыз келеді, сотталғандарды қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге ауыстырғымыз келеді. Олар жазасын тұрғылықты жерінде өтегені маңызды. Бұл олардың әлеуметтік байланыстарын жақсартады.ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев

Бұл ретте аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер төтенше жағдайдағы қауіпсіздік мекемелеріне жіберіледі.

Бұған дейін мәжіліс қылмыстық сот төрелігі, жазаны атқару, жазасын өтеуден бас тарту, азаптау мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқығы туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, оның аясында Ішкі істер министрлігі ауыр сырқаттанған сотталғандарға жеңілдік беруді ұсынған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды