Интерпол өз қызын сатқан әйелді Қазақстанға қайтарды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын елге қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған шара оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, жүзеге асырылған.

Әйелге кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеу жарияланған.

Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз ота жасатқан. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореядан депортацияланып, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді