Көлік ұрлап қашқан Ақмола тұрғыны жол апатына ұшырады

Сурет: polisia.kz
18 қазанда Екатеринбург-Алматы тас жолының 1115 шақырымында жол апаты орын алды. ВАЗ-21100 көлігін тізгіндеген Жалтыр ауылының 25 жастағы тұрғыны рөлге ие бола алмай, Волгамен соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан ВАЗ-21100 автокөлігі кюветке құлап кетіп, бірнеше рет аударылған. Жүргізуші көліктен шығып, оқиға орнынан кетіп қалған.

25 жастағы жігіт түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды.

Ер адамның басқа біреудің көлігін басқарғаны белгілі болды. Сол күні полицияға Жалтыр ауылының 46 жастағы тұрғынынан үйінің жанында тұрған анасының көлігін танысы ұрлап кеткені туралы арыз түсті. Арызданушы анасының көлігімен танысының үйіне келген. Ол үйге кіргенде кілт көлікте қалған. Қаскөй осы ұрымтал сәтті пайдаланған.

Сурет: polisia.kz

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі - “Автокөлікті заңсыз иемдену” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Қазіргі уақытта 25 жастағы ауыл тұрғыны ауруханада жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз