Қарағандыда жол ақысына келіспеген жас жігіт такси жүргізушісін пышақтап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда полиция қызметкерлері 59 жастағы такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті бір тәулік ішінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қазанда сағат 17.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың денесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілді. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істегені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Ол жүргізушіге жол ақысына келіспеушілік барысында пышақ жарақатын салғанын мойындады. Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, ЖБИ ықшам ауданына барар жолдағы теміржол өткелінің жанына тастап кеткен.

Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін