Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Mazda 626 және Toyota Corolla автокөліктері соқтығысып, қос жүргізушінің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі көлікте Жұбанов көшесімен батыс бағытта қатар келе жатқан. Mazda алдыда болған.

Сурет: Zakon.kz

Бір сәтте Toyota тізгініндегі егде жастағы жүргізуші жолдағы жағдайға қатысты дұрыс шешім қабылдай алмай, алдындағы Mazda-ның артына бар жылдамдықпен келіп соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Соққының қатты болғаны сонша көліктің артқы жағы мыжылып, салон ішіне кіріп кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Екі көлік екі жаққа ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Toyota жолдың қарсы бетіне ұшып, одан кейін жол жиегіндегі бордюрдан асып бірақ тоқтаған.

Zakon.kz

Апат салдарынан Mazda жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның жанында әйелі отырған. Ол зардап шеккен жоқ. Toyota жүргізушісі жеңіл жарақат алды.

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтап жатыр. Жол апатын тіркеу кезінде Жұбанов көшесі бойынша Саин мен Момышұлы көшелерінің арасындағы жол жабылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді