Алматы полициясы екі автобустың соқтығысу оқиғасына қатысты толық мәлімет ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өліміне әкеліп соққан автобустардың қатысуындағы жол апатына қатысты толығырақ мәлімет ұсынды. Жол-көлік оқиғасының сызбасына және бейнебақылау материалдарына талдау жүргізілгені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ қоғамдық көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобусымен соқтығысқан. Көлік тізгінінде 59 жастағы азамат болған.

Соқтығысудан соң 98-ші бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жүрісін жалғастырып, тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншілерді қаққан.

Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі - 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

8 қарашада автобустар мен троллейбустар соқтығысты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін