"Пышақ ұстаған ер адам". Алматы облысы ПД желідегі видеоға қатысты түсінік берді

Сурет: Instagram/rustam.abdrakhmanov_
Әлеуметтік желіде көшеде қолында пышағы бар ер адамның видеосы жарияланды. Полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Kris_p_issyk Instagram аккаунтында жарияланды.

Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов аталған фактіге қатысты Еңбекшіқазақ ауданының ЕҚДБ-да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінде ("Бұзақылық") қарастырылған қылмыс құрамы белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелгенін, яғни азаматтарға күш көрсету қаупімен қатар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылықтың тіркелгенін атап өтті.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1976 жылғы азамат анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, аудандық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Тергеу іс-шаралары барысында біз ұсталған адамның қатты мас болғанын анықтадық. Күдіктінің айтуынша, өзін мұндай қылмысқа не итермелегенін білмейді, есінде ештеңе жоқ. Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов

Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департаментінің бақылауына алынды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз