Полиция қызметкерін балағаттаған ШҚО тұрғыны қоғамдық жұмысқа жегілді

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданында үнемі арақ ішіп, мазасын алатын күйеуінен әбден ығыры шыққан әйел учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалып, көмекке жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғын учаскелік полиция қызметкерін үйге шақырып, ішімдікке тойып алған жолдасын тыныштандыруды өтінген. Алайда, ер адам учаскелік полиция қызметкерінің өзін балағаттап, оның талаптарына еш бағынбаған. Осы факті бойынша ол жауапкершілікке тартылды.

Сот отырысында ішімдікке жақын ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Билік өкілін қорлау" бабы бойынша іс қаралды. Сот барысында ол полиция қызметкерін балағаттағанын мойындады. Сол себепті ер адам аталған бап бойынша айыпты деп танылып, 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қазіргі уақытта сотталған пробация қызметінің есебіне қойылып, күніне қар күреп, қоғамдық орындағы қоқыстарды тазалау сынды 4 сағат бойына әртүрлі жұмыстарды атқарып жүр. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео