Шахтинск қаласында зейнеткер әйел алаяқтарға 13 млн теңгесін ұстатып қоя жаздады

Сурет: Zakon.kz
Шахтинск қаласында полиция мен банк қызметкерлері бірлесіп, алаяқтардың қолына 13 миллион теңгенің түсуіне жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шахтинск қалалық полиция бөлімінің бастығы Талғат Бақаев алаяқтар құрығына түскен зардап шегушілерден өздеріне күніне үш-төрт арыз келіп түсетінін айтты.

Кей кездері бір күнде полицияға алаяқтардың арбауына түсіп, қомақты қаржы жіберіп қою дерегі бойынша үш-төрт арыз түседі. Сіздерден азаматтардың көп мөлшерде ақша шешу не болмаса жіберу барысында оларға аса мән берулеріңізді сұраймын. Мәселен, олардан “Қандай мақсатта ақша шешіп жатырсыз?”, “Сіздерге банктің қауіпсіздік бөлімінен не болмаса полиция қызметкерімін деп хабарласты ма?” деген сауалдарды қоюларыңызды сұраймын. Өйткені психологиялық түрде алаяқтардың арбауына түсіп тұрғандар өз-өздеріне келуі қажет. Әрине, бұндай қомақты қаражатпен келіп, өздерін сезікті ұстағандар туралы бірден полицияға хабарласуларыңызды сұраймын, – деді Талғат Бақаев банк қызметкерлерімен кездесуі барысында.

Аталған кездесуден бірнеше күн өткен соң банк қызметкерлері әртүрлі есепшотқа 13 миллион теңге салмақшы болған 65 жастағы зейнеткерді байқайды. Банк қызметкерлері полиция бөлімі бастығына бірден хабарласып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Полицейлер зейнеткерге белгісіз біреулердің өздерін банктің қауіпсіздік бөлімінен және құқық қорғау органдарынанбыз деп хабарласқанын анықтады. Олар зейнеткерге қоңырау соққанда “алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатырмыз” деген желеумен депозитіндегі ақшаны аударып алмақшы болған.

Шахтинск қалалық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлерімен банк қызметкерлерінің осындай бірлескен жұмыстарының арқасында алаяқтар діттеген мақсатына жете алмады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды