Павлодар облысында полицейлерге есірткі тасымалдады деген айып тағылды

Сурет: Zakon.kz
Жәбірленуші өзі полицияға келіп, бұрынғы таныстары көлігін тартып алып қойғанын және оны бопсалау мақсатында полиция қызметкерлеріне қатысты видео түсіруге мәжбүр еткеніне арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғынының өтініші бойынша Павлодар облысының ПД “бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

Бұған дейін желіде жәбірленушінің полиция қызметкерлерін айыптап, есірткі сатуда олар бірге әріптестікте жұмыс істейтінін айтқан видео тараған болатын.

11қарашада жәбірленушінің өзі полицияға келіп, таныстары осындай жолмен өзінен ақша бопсалағанын айтып арызданған.

Бұрынғы таныстары ақша бопсалау мақсатында оған тиесілі автокөлікті тартып алып, полиция қызметкерлеріне қатысты видео жаздырған.Одан кейін, әрине ақша бопсалау басталған. Ол таныстарының талабын орындаудан бас тартқан. Сондықтан бұл видео желіде жарияланады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғындары (1989, 1994, 1995 жылы туған) анықталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Тергеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне алда құқықтық баға беріледі.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз