Қазақстандық бірнеше оқушы қыздың жалаңаш суреттері шетелдік сайтта жарияланып кеткен

Сурет: pixabay
Мониторинг жүргізу кезінде "Тик-ток" әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздардың анықталмаған тұлғамен хат алмасып, ересектердің ойға келмейтін тақырыптарын талқылау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаға ұстатар фактімен Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы бөлісті.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан. Оның үстіне бұл жайт турасында ата-аналарына жақ ашпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу" бойынша алдын ала анықталған.

Қаскөй Қазақстанның 5 өңірінде кішкентай қыздарды алдап, ұятты суреттерін тыйым салынған шетелдік сайттарға жариялап отырған.

Қазір күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр.

Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Құрметті ата-аналар, Сізден балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз, өйткені бұған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануы, бақылаудың жоқтығы себеп болып отыр. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты