Ақтауда тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктен 300 келіден астам балық табылды

Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысында заңсыз ауланған 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында 26 ықшам ауданда Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған күдіктілер - 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды