"Ұят суреттеріңді желіге саламын" деп танысын бопсалаған қызылордалық ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласы полициясына 29 жастағы азаматша арызданып, танысы әлеуметтік желіге өзінің интимдік сипаттағы суреттерін жариялаймын деп қорқытқанын әрі ақша бопсалағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 33 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі (Қорқытып алушылық) бойынаша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызылорда қалалық ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Тұрғанбай Айбек Арыстанбекұлы
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды