Жол апатына кінәліні жылқының терісіне салынған чип арқылы анықтау мүмкін болды

Екатеринбург — Алматы тас жолының 1184-ші шақырымында орын алған жол апатына кінәліні жылқының терісі астына салынған чип арқылы анықтау мүмкін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 21 қарашада сағат 23:45 шамасында орын алған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында бес жылқы арам өлді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Алайда автокөлікке механикалық зақым келді.

Полиция қызметкерлері ветеринариялық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, жылқы иесінің жеке басын анықтады. Жануарлардың бірінің терісінің астына салынған чип мал иесін табуға көмектесті.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасына сәйкес жылқылар Целиноград ауданының 46 жастағы тұрғынына тиесілі болып шықты. Үш жақты шарттың талаптары бойынша ауыл тұрғыны жылқыларды Қосшы қаласының 49 жастағы тұрғыны шопанға тапсырған.

Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін шопанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: