Талғарда мектептен 1000-нан аса адам эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы, Талғар ауданындағы №3 орта мектепке бомба қойылғаны туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты білім ордасынан 1000 оқушы, жүзге тарта оқытушы, 25 техникалық персонал эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабарлама мектептің электронды поштасына сағат 15:00 келіп түсті, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен саперлар шұғыл аттанды.

Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру үшін арнайы операция жүргізуде, делінген хабарламада.

Ресми жергілікті билік аталған оқиғаға қатысты, әзірге пікір білдірген жоқ.

Эвакуациялау шараларының видеосы Kris_p_talgar парақшасында жарияланған болатын.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады